Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары 10 жасар баланы зорлаған
Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары 10 жасар баланы зорлаған
© ktk.kz
228
оқылды
Ақмола облыстық полиция департаменті 10 жасар оқушыны зорлау оқиғасы бойынша тергеу шараларының басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тараған болатын. Полицияның мәліметіне сәйкес, бала астанаға жақын жердегі мектепте оқиды.
"Полицияға WhatsApp мессенджерінде астанаға жақын жердегі елді мекенде тұратын 2012 жылғы балаға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасалған видеоның тарағаны туралы ақпарат түсті. Осы оқиға бойынша шұғыл тергеу шаралары басталды", – дейді департамент мамандары.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Процессуалдық шаралар да қолға алынды.
"Кәмелеттік жасқа толмағандардан жауап алынып жатыр. Оған заңды өкілдері, педагогтер, психологтар мен адвокаттар қатысып жүр", – дейді полицейлер.
Айта кетері, тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-тармағы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, жас балаға қатысты жасалған әрекет) бойынша жүргізіліп жатыр.
Осы бапта 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.