Алдағы референдумның жай-жапсарын түсіндіру, насихаттау мақсатымен Мәжіліс депутаттары Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Самат Ақышев Қостанай қаласында AMANAT партиясының бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен арнайы семинар өткізді.
Бүгінде Қостанай облысында 263 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді. Олардың құрамында 1700-ден астам партиялық топ бар.
– Біз барлық сала өкілдерімен кездесіп жүрміз. Оның ішінде шалғайдағы елді мекендерді де қамтуға тырысып жатырмыз. Осы кездесулерде көз жеткізгеніміз – халықтың алдағы референдумға деген көзқарасы жақсы, қызығушылығы жоғары. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер де мазмұнды, – деді Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әлия Сапарова.