"Немолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
"Немолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Facebook / Dina Tansari
737
оқылды
Бұл туралы қоғам белсендісі өзі Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 
“Менің үстімнен тағы да Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша іс қозғады. Бұл жолы Қызылорда облыстық полиция департаменті. Балаларды қорлау әрекеттері тақырыбын көтергеніме байланысты екенін түсініп тұрмын. Бұл аузымызды жабудың жаңа амалы ма?”, - деп жазды ол.
Аталған ақпарат бойынша Қызылорда облыстық полиция департаменті пікір білдірді.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚК 147-бабының 5-бөлігімен (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) қылмыстық іс тіркеліп, жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа деректер жариялауға жатпайды", – делінген Қызылорда облыстық ПД жауабында.
Бұған дейін 12 мамырда құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысының зорланғаны туралы айтқан болатын. Баланың әкесі 7-сыныптың үш оқушысы жабылып, бірнеше рет мектептің дәретханасында зорлағанын айтты. Алайда мектеп мұғалімі баланың өзін айыптады