Бес боксшымыз – жартылай финалда
Бес боксшымыз – жартылай финалда
157
оқылды
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 5 қазақстандық боксшы жартылай финалда бақ сынайды. Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты. Олар: Алуа Балқы­бекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Вален­тина Хальзова (70 келі). Ал Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалдағы жекпе-жегінде қарсы­ласына есе жіберіп, жартылай финал жолдамасынан тыс қалды. Бұған дейін Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жарыс жолынан шығып қалған еді. Айта кетейік, дүбірлі дода 20 мамырда мәресіне жетеді.

А.ЖҰМАШ