Сурдлимпиаданы 13-орынмен аяқтадық
Сурдлимпиаданы 13-орынмен аяқтадық
241
оқылды
XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары мәресіне жетті. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мәлімдеді. «Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен жазғы Сурдлим­пиада ойындары аяқталды. 1-15 мамыр аралығында өткен жарыста әлемнің 73 елінен 2 500-ге жуық спортшысы өнер көрсетіп, бақ сына­ды. Байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 28 медальға қол жет­кізді. Оның 3-еуі алтын, 7-еуі күміс және 18-і қола», – делінген ведомство хабарламасында. Орталықтың жазуына қарағанда, Қазақстан бұл нәтижемен жалпы медальдық есепте 13-орынға орналасты. Тізімнің топ басында 137 медальмен Украина тұр. Екінші орынды 54 медальмен АҚШ еншіледі. Үздік үштікті 40 медальмен Иран спортшылары түйіндеді.

А.ЖАСАНҰЛЫ