Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына барып, «Масло-Дел» ұжымымен кездесті. Онда депутаттар кәсіпорын қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы айтты. Депутаттар ұжым қызметкерлерін референдумға белсенді қатысуға және конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырды.
- Соңғы 27 жыл ішінде Конституцияға төрт рет түзетулер енгізілді, бірақ оларды Парламент қабылдады. Енді азаматтар түзетулер үшін өздері дауыс береді, – деді Дмитрий Колода.