Алматыда "Атакент" көрме кешені павильондарының бірі өртеніп жатыр
Алматыда "Атакент" көрме кешені павильондарының бірі өртеніп жатыр
© sn.kz
245
оқылды
Алматыдағы "Атакент" көрме кешенінің аумағында павильондардың бірі өртенді, – деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы Тимирязев 42 – "Атакент" көрме кешені мекенжайы бойынша жоғары шенге жіберілді.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін №9 павильон ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Таралу қаупі жоқ", – деп жазылған таратылған хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде  "Атакент" маңында өрт болып жатқаны жазылған болатын.