Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды
Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды
© inbusiness.kz
222
оқылды
Президент Жарлығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде: 7-тармақта: «, хатшыдан» деген сөз алып тасталсын;13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында: «Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға»; «Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)». Бұған дейін Президент Жарлығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгергенін хабарлаған болатынбыз.