Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова қарсыласын нокаутпен жеңіп, финалға шықты
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова қарсыласын нокаутпен жеңіп, финалға шықты
170
оқылды
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Балқыбекова болгариялық Севда Асеновамен кездесті. Қазақстандық боксшы бірінші раундта нокаутпен жеңді. Алуа Балқыбекова финалда түркиялық Айсе Чагирырмен алтын жүлдені сарапқа салады.