Боксшы қыз қола алды

Боксшы қыз қола алды

Қазақстандық Дина Жоламан Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Дина Жоламан 54 келіге дейінгі салмақта румыния­лық Лакрамиоара Пери­шочпен жұдырықтасты. 2016 жылы Нұр-Сұлтанда өткен дүниежүзілік біріншілікте чемпион атанған Дина бұл чемпионатта да барын салды. Әйтсе де, жартылай финалда румыниялық боксшының бағы жанды. Төрешілер шешімімен (4:1) жеңіс Л.Перишочқа берілді. Осылайша, Қазақстаннан Алуа Балқыбекова ғана финалға өтті. Қалған төрт боксшымызға қола жүлде бұйырды.

К.ЕСІМХАН