«Өрт саунадан шыққан» – Алматыда қонақүй өртеніп, 57 адам эвакуацияланды
«Өрт саунадан шыққан» – Алматыда қонақүй өртеніп, 57 адам эвакуацияланды
Фото: видеодан скриншот
273
оқылды
Алматыда қонақүй өртенді. Құтқарушылар 57 адамды эвакуациялады. Hotel Plaza Almaty қонақүйінен өрт шығып, 57 адам құтқарылды. «Өрт сөндірушілер 19 мамыр күні сағат 22:21-де Алмалы ауданы Қожамқұлов көшесі, 270/120 мекенжайында Hotel Plaza Almaty қонақүйіндегі өртті сөндіруге барды. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бригадасы 6 қабатты қонақүйдің төбесінде орналасқан саунаның жанып жатқанын анықтады. Ғимараттың барлық қабатын қою қара түтін басып, адамдардың өміріне қауіп төндірген», – дейді қалалық ТЖД-ның бастығы Руслан Қасыбаев. Қонақтар қонақүйдің терезесінен көмек сұраған. Өрт сөндірушілер барлығын құтқарды.   https://youtu.be/KfGepOgs0Ps Өртті сөндіруге АД-120 автомобилі қолданылды. Қабылданған жедел шаралардың арқасында 57 адам құтқарылды. Құрбан болғандар жоқ. Өрт сағат 23:25-те (келген сәттен бастап 59 минут) ауыздықталып, сағат 23:44-те сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 42 адам, 14 бірлік техника жұмылдырылды.