Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Баймұқашевті қызметке тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.