1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі – Ералы Тоғжанов
1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі – Ералы Тоғжанов
© egemen.kz
434
оқылды
2022-2023 оқу жылында барлық мектепте еңбекке баулу сабағы оқытылады. Бұл туралы Сенатта өткен парламенттік тыңдауда вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мектепке қайта оралатын пән 1-сыныптан бастап оқытылады деген жоспар бар.
"Балаларды тәрбиелеу кезінде еңбекке баулудың маңызы зор. Оны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап "Еңбекке баулу" пәні қайта енгізіледі", – дейді Тоғжанов.
Вице-премьердің айтуынша, қазіргі кезде республикадағы мектептердің 7 проценті өз аумағында жылыжай ашқан. Үкімет осы тәжірибені кеңейтіп, жылыжайларды барлық мектепте ашуды жоспарлап отыр. Сол жерде оқушылар жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, мектептерде кәсіптік бағдар беретін мамандар болады. Олар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.
Бұған дейін биыл 11-сынып оқушылары тарихтан емтиханды ауызша тапсыратынын хабарлаған болатынбыз.