Қазақстандық метрологтар кәсіби мереке күні марапатталды
Қазақстандық метрологтар кәсіби мереке күні марапатталды
132
оқылды
20 мамыр – Бүкіләлемдік метрология күні. Бұл күн өркениетті елдердің бәрінде арнайы аталып өтіледі. Метрология (грек тілінде metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов метрология күнінде қызметін ел үшін ең маңызды салалардың бірімен байланыстыратынын айтты. Сондай-ақ бұл күннің ерекшелігіне мен маңыздылығын тоқталды.
«Бүгін – әлемде Дүниежүзілік метрология күні! Өлшеу дәлдігі туралы ғылым көптеген адамдарға күнделікті өмірден алыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл дәлдіксіз өмір сапасы төмен болар еді. Мысалы, егер таразы дұрыс болмаса немесе желінің кернеуі нормаға сәйкес келмесе қарапайым тұтынушы шамадан тыс немесе сынған техникадан үлкен шығынға ұшырайтын еді. Әуежайда таразы дұрыс болмаса, онда тіпті жолаушылардың қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізуі мүмкін», – деді ол.
Министрдің сөзінше, барлық құралдардың дәлдігі эталондарға сәйкес тексеріледі. Қазақстанда эталондық базада қазірдің өзінде 102 мемлекеттік эталон мен эталондық жабдық бар. Оның ішінде мемлекеттік бастапқы және қайталама эталондардың 53 бірлігі және жұмыс эталондарының 49 бірлігі бар. Айта кетсек, Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанның эталондық базасы ең үздік технологиялық жабдықтарға ие. Министр қазақстандықтарды метрлогия күнімен құттықтап, жыл сайын осы күні метрологтарды арнайы марапаттайтындығын жеткізді. Дүниежүзілік метрология күні біз өз еңбек қызметін ел үшін ең маңызды салалардың бірімен байланыстырғандарды құттықтаймыз! Жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік метрологтарды марапаттаймыз! Биылғы да жемісті еңбегі, кәсіби қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін метрология үздіктеріне ерекше алғысымызды білдіреміз!