Орал тұрғындары иттерге қатыгездік танытқандардың үстінен шағымданды. “Мой город” желісі жариялаған бейнежазбаға түсіп қалған көрініске қарағанда, ер адамдардың иттерді қапқа салып, алып кетіп жатыр. Мұны үйінің терезесінен кішкентай бала түсіріп алған. Қаңғыбас иттер тақырыбы оралдықтар үшін ең қызу талқыға түскен, өзекті тақырыптардың біріне айналған. Қала тұрғындарының пкірі екіге бөлінеді. Бірі иттерді қорғап шықса, енді бір бөлігі олардан келетін қауіпті алға тартады. Жануарлар құқығын қорғаушылар иттер өз беттерінше адамға шабуыл жасамайды, ал егер жануарлар агрессия көрсетсе, бұл адамдардың тікелей кінәсі деп сендіреді. Сондай-ақ, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң күшіне енгеннен кейін ұсталған қаңғыбас иттер мен мысықтарды эвтанизациялауға тыйым салынғанын еске салады. Құзырлы органдар оларды тек ұстап алып, қажетті екпелерді жасап, зарарсыздандырып, мекеніне қайтаруы керек. "18 мамырда "Алтын алма" базарында тапа-тал түсте иттер ерекше қатыгездікпен ұсталды. Иттерді ұстаған адамдар байланысқа шықпаған. Иттерді әрі қарай қайда апарғаны белгісіз. Видеоны бала түсіріп алған", – делінген ақпаратта.