Қарағанды облысы – ірі өндіріс орталығы. Мұнда қара және түсті металлургияда «Қазақмыс» корпорациясы және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниялары табысты еңбек етіп жатыр. Дегенмен ауыр жұмыстағылардың денсаулығы да ойлантуы керек. Өйткені 2022 жылдың 1 тоқсанында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 10 мың адамға шаққанда кәсіби сырқаттанушылық көрсеткіші 34,7-ге жеткен. Еңбекшілердің денсаулығын сақтау және нығайту – мемлекеттің аса маңызды функцияларының бірі және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізінде көрініс табады. – Қарағанды облысы – соңғы жылдары кәсіби аурулар жағдайларының өсуі байқалған еліміздің ірі өнеркәсіптік облыстарының бірі. 2022 жылдың 1 тоқсанында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 10 мың адамға шаққанда кәсіби сырқаттанушылық көрсеткіші – 34,7. Нозологиялық нысандар бойынша кәсіби сырқаттанушылық құрылымында: тірек-қимыл аппаратының аурулары 60 пайыз, тыныс алу органдарының аурулары 31,3 пайыз, есту аппаратының аурулары 7,9 пайыз. Кәсіптік аурулардың ең көп саны зиянды еңбек жағдайларында жұмыс өтілі 20 жылдан асатын жұмыскерлерде және 55 жастан асқан жас тобында тіркелді, – дейді Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин. Бұл кәсіпорындардағы жетекші кәсіби зияндар: ауыр физикалық еңбек, газдану, шаңдану, қолайсыз микроклимат, жұмыс орындарындағы шу мен дірілдің жоғары деңгейі, өндірістік процестерді механикаландырудың жеткіліксіздігінен болса керек. Қызметкерлердің еңбек жағдайларының жай-күйі кәсіптік аурулардың салдарынан олардың кәсіптік аурушаңдығы мен мүгедектігінің көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Облыстың кәсіпорындарында биліктің барлық деңгейлерінде халықтың жұмыс орындарын жақсарту бойынша шаралар қабылданғанына қарамастан, жұмыс істеушілердің еңбек жағдайлары санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмейді. – Өнеркәсіптік нысандардың аймағындағы ауаның 440 сынамасы зерттелді, оның ішінде шекті көрсеткіш 3,4 пайыздан асып кетті. Шудың шекті деңгейінің артуымен өлшеулер 11,1 пайыз жұмыс орындарында, микроклимат көрсеткіштерінің өлшеулері 12,7 пайызға артуымен анықталды, жүргізілген өлшеулердің ішінен жарықтандыру деңгейі 12,5 пайызға сәйкес келмейді. Ерекше тәртіп бойынша тексеру нәтижелері бойынша осы жылдың 1 тоқсанында жалпы сомасы 3 154 890 теңгеге 7 әкімшілік жаза қолданылды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу туралы 6 нұсқама ресімделіп, табыс етілді, барлығы бақылауда тұр, – дейді Юрий Залыгин. Жұмыс орындарында зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер ету деңгейін төмендетуге санитариялық-гигиеналық, технологиялық және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүргізу жолымен қол жеткізілуі тиіс. Міндетті медициналық тексеру денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз етуге және зиянды фактордың ағзаға әсерінің бастапқы белгілерін уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек жағдайларын сипаттайтын маңызды факторлардың бірі – өндірістік бақылау. – Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары жұмыс берушілермен бірлесіп, жұмыс істеушілердің организміне қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту бойынша тұрақты негізде профилактикалық жұмыс жүргізеді. Жұмысшылардың денсаулығы үшін жауапкершілік ортақ болуы керек. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер зиянды өндірістік факторлардың ағзаға әсерін азайту үшін жеке қорғаныс құралдарын қолдануы керек, – дейді бас санитар. Әрине, жұмыс берушімен қатар жұмысшылар да өз денсаулығына қамқорлық жасап, медициналық тексерулерден уақытында өтіп, салауатты өмір салтын ұстанып, дер кезінде сауығуы керек. Ал жұмыс берушілер қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.
Қарағанды облысы