Министрлік утильалымға байланысты жаңа мәлімдеме жасады

Министрлік утильалымға байланысты жаңа мәлімдеме жасады

23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алады.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми өкілі Олжас Беркінбаев айтты.

Беркінбаевтың сөзінше, 2022 жылдың 14 мамырына дейін Қазақстан аумағына кірген көліктердің бұған дейін утильалымы төленбеген болса, 23 мамырдан бастап жаңа төмендетілген мөлшерлемемен төлеуге болады. Ол үшін тек тиісті мекемеге өтініш жазу керек.

"Енді елге кірген көліктердің утильалымы кірген уақытына емес, утильалымға өтінім берген күннен бастап есептелетін болды", - деді ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.