Алдағы екі-үш күнде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді  
Алдағы екі-үш күнде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді  
Фото: myslo.ru
202
оқылды
«Қазгидрометтің» 24-26 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті. Екатеринбург аймағынан келетін циклонға байланысты атмосфералық фронттар республиканың көптеген аймағында күн райының тұрақсызданып, бұзылуына әкеледі. Салдарынан жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін. 26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі. Үшінші күнге қарай елдің батысына және солтүстік-батыс антициклон тарайды. Осылайша, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді. 24 мамыр – түнде және таңертең орталықта, шығыста, 26 мамыр батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болып, үсік жүруі мүмкін.