5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов жазасын қайда өтейтіні белгілі болды
5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов жазасын қайда өтейтіні белгілі болды
© exk.kz
133
оқылды
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған алматылық Игорь Дужнов жазасын Қостанай облысында өтейтін болды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі («Екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушы өткен жылдың қазанынан бастап Алматының тергеу изоляторында жазасын өтеп жатыр.
«Қазақстанда 80 түзеу мекемесі бар. Олардың біреуі ғана Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 өмір бойына сотталған адамдарға арналған. Дужнов мерзімін өтейтін төтенше қауіпсіздік мекемесі Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан», - деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін сот Игорь Дужновқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағаны туралы жазған болатынбыз.