Екі айда 671 000 долларды шекарадан алып өтпек болған

Екі айда 671 000 долларды шекарадан алып өтпек болған

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл наурыз бен сәуірде кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 АҚШ долларына тең келетін қолма-қол ақшаны заңсыз өткізудің 40 фактісін анықталды. Барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 551, 545-бабы бойынша жауапқа тартылды. «Шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салынған соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 000 долларды шекарадан алып кетпек болған 21 дерек белгілі болды. Барлық оқиға Нұр-Сұлтан (6 факт) мен Алматы (15 факт) қаласының әуежайында тіркелді» делінген ресми мәліметте. Қазақстанда Президент Жарлығымен ел аумағынан қолма-қол 10 000 АҚШ долларынан көп сумманы алып кетуге тыйым салынған.