11 өңірде ескерту жарияланды
11 өңірде ескерту жарияланды
© stan.kz
155
оқылды
«Қазгидромет» РМК 25 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты 11 өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, орталық пен солтүстікте күші 15-20 м/с артады. Өңірдің орталық бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде Атырау облысының шығысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің шығысында желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз шығыста екпіні 15-18 м/с құрайды. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күшейеді. 25-26 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы таулы аудандарда 25 м/с артады. Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.