Назарбаев зияткерлік мектебінің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды
Назарбаев зияткерлік мектебінің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды
362
оқылды
«NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды», - деп сүйіншіледі белгілі треньер Дәулет Мұқаев Инстаграмдағы парақшасында.
«Рекорд «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен онлайн тіркеледі. Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2021–2022 оқу жылы домбыра сабағымен аяқталып, оған 1032 оқушы қатысады. Сабақты қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізеді. Оқушылар «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды танымал күйлердің шығу тарихын баяндаумен қатар аталған туындыларды бірге орындайды», - деп жазды ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @dauletten.kz