Банк менеджерлеріне клиенттің дерегі берілмейді – Бағдат Мусин

Банк менеджерлеріне клиенттің дерегі берілмейді – Бағдат Мусин 1
Фото: ernur.kz

Бұдан былай ХҚКО мен банктің операторларына клиенттің жеке дерегі SMS-код арқылы растағаннан кейін қолжетімді болады, – деп жазады 24.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, клиенттің жеке дерегі бөгде адамға берілмейді.

«Бұрын адам банкке келген кезде оған өмір бойы дербес деректерін өңдеуге келісім беру туралы кішкентай әріптермен жазылған қағазды тықпалайтын. Оны ешкім назар аударып оқымайды. Қол қойып бере салады. Құжат мұрағатқа кететін. Ендігі уақытта мұндай келісімдердің бәрін цифрлық түрде рәсімделетін, базаға түсетіндей қылып жасадық», – деді Бағдат Мусин.

Мұндай әдіс мамандандырылған ХҚКО-да қолданылады. Оператор клиентке қызмет көрсетпестен бұрын оның телефон нөмірін сұрайды және сол нөмірге SMS -код келеді. Код енгізілгеннен кейін ғана оператор дербес деректермен жұмыс істей алады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.