Әзілкештің әңгімесі мен тапқырлығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
«Тұрсынбек Қабатов өмірде ұстазың болмасын»: Қанат Әлжаппаров әйелінің астарлы әзілін жеткізді (видео)
Фото: әлеуметтік желі
133
оқылды

Әзілкеш Қанат Әлжаппаров концертте жұбайының Тұрсынбек Қабатов туралы айтқан астарлы әзілін жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Қанат Әлжаппаров әріптесі Тұрсынбек Қабатовты өнерде ғана емес, өмірде де ұстазы санайтынын айтты. Алайда жұбайына бұл сөзі ұнамаған көрінеді.

"Мен әрқашан айтып жүремін, Тұрсынбек Қабатов – менің өнердегі, өмірдегі ұстазым. Осылай десем, келіншегім Нұргүл "Өмірдегі деп айтпашы. Өнердегі ғана ұстазың болсын, өмірде саған сабақ бермесін. Өмірде бірдеңеге миың жетпей жатса, мен-ақ көмектесемін. Ешкімнен ақыл сұрамашы. Астанаға мүлде бармашы" деді ғой", – деп әзілдеді Қанат Әлжаппаров.

Әзілкештің әңгімесі мен тапқырлығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.