Батыс Қазақстанда екі баланы ток соқты
Батыс Қазақстанда екі баланы ток соқты
Фото: oooevna.ru
259
оқылды
Ток соққан екі бала ауруханаға түсті. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Бірінші оқиға 24 мамыр күні сағат 13.55-те Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болған. Төрт бала ойнап жүріп, подстанцияның қоршалған тыйым салынған аумағына кірген. Сол кезде бес жасар ұлды ток соққан. Баланың жағдайы ауыр. Екінші оқиға 24 мамыр күні сағат 11.00-де Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі Ақсуат ауылында болды. Қараусыз қалған алты жасар ұл бала трансформаторға (380 Вт) қолын тигізген. 2-3 дәрежелі күйік шалған. Аудандық ауруханаға жатқызылды. Жаңақазан ауылында ток соққан баланың екі қолы күйген. Халі ауыр.