Шымкентте ер адам лифтте балалы әйелге шабуыл жасады (ВИДЕО)
Шымкентте ер адам лифтте балалы әйелге шабуыл жасады (ВИДЕО)
257
оқылды
Шымкентте ер адам лифтте балалы әйелге шабуыл жасады, – деп хабарлайды OTYRAR сайты. Оқиға 25 мамырда сағат 8:43-те, болжам бойынша "Нұрсәт" шағын ауданында болған. Куәгерлер "Отырар" телеарнасы редакциясына жолдаған кадрларда сәбилер арбасымен лифтке кірген әйелдің артынан ер адам кіргенін көруге болады. Бір мезетте ол әйелдің аузын жауып, арбадан ішінде ақша болуы мүмкін пакетті тартып алады. Бір қолымен әйелдің аузын жауып тұрып, екінші қолымен әлгі пакетті сөмкесіне салады. Осы кезде лифт есігі ашылып, сәбилі әйел қашып шығады. Шабуыл жасаған ер адам балалы әйелден не тартып алғаны әзірге белгісіз. Бұл бейнероликті тәртіп сақшылары зерттейді.
"Шабуыл жасаушы мұнымен тоқтап қалған жоқ. Басқа қабаттың түймесін басқан ол, тағы бір құрбанын күткен болуы да мүмкін. Ер адам басқа әйел кірген сәтте лифттен бірер секундқа шығып, қайта оралады. Дәл осы жерде видео үзіледі", – делінген хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)