Жамбыл облысында шекарадан 500 мың АҚШ долларын алып өтпек болған адам ұсталды

Жамбыл облысында шекарадан 500 мың АҚШ долларын алып өтпек болған адам ұсталды

Шекарашылар «Ауқатты» автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) 500 000-нан астам АҚШ долларын заңсыз әкетушілердің жолын кесті, – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі

"Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті биыл 14 наурызда «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» № 830 Жарлыққа қол қойғанын еске саламыз. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасынан 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады", – делінген хабарламада.
Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.