Доллар бағамы тағы 1,67 теңгеге арзандады
Доллар бағамы тағы 1,67 теңгеге арзандады
© pixabay
224
оқылды
Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтының мәліметінше, елімізде АҚШ валютасының құны тағы 1,67 теңгеге арзандап кетті, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Осылайша, 25 мамырдағы сағат 16.00-де доллардың орташа сараланған бағамы 415,12 теңге болды. Айта кетсек, Ұлттық банктің 25 мамырға бекіткен доллардың ресми бағамы 416,91 теңге болған еді. Kurs.kz хабарлауынша, қазіргі таңда Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу құны – 415,34 теңге, сату құны 419,17 теңге болып отыр. Ал Нұр-Сұлтан ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 413,79 теңгеден сатып алынып, 416,56 теңгеден сатылып жатыр.