Маңғыстауда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті
Маңғыстауда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті
Фото: lada.kz
223
оқылды
Бүгін, 25 мамырда Сайөтес ауылы маңындағы тас жолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті. "Лада" басылымы хабарлауынша, жеті адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, олардың екеуі ауыр халде жатыр.
"Апатта екі түлек санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Қалған бес баланың жағдайы орташа. Олар Маңғыстау аудандық ауруханасында жатыр", - деді Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.