Атырауда жол апатынан үш адам қаза тапты
Атырауда жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: newtimes.kz
213
оқылды
Атырау облысында кеше сағат 18:00 шамасында жол апаты болды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. Арменияда тіркелген Toyota Ipsum көлігінің рулінде 37 жастағы жүргізуші болған. Ол рульді игере алмай, «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы күре жолдың 490-шақырымында аударылған. Жол апатының салдарынан 1985 жылғы жүргізуші мен 47 және 54 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Апат болған күре жолға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Алайда, жүргізушілер ескеруі тиіс ескерту жол белгілері орнатылған.