Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды
Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды
250
оқылды
Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болып, 21 жастағы жігіт қаза тапты. Tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, жол апаты 25 мамыр күні түнде Қонаев даңғылы мен Тәжібаев көшесінің қиылысында орын алған. Онда екі көлік соқтығысқан. Жол апатына кінәлі «Нексия» көлігі ұшып кетіп, бағдаршамға соғылып, шұңқырға құлаған. Оның ішінде үш адам - жүргізуші мен екі жолаушы болған. Жол апаты салдарынан жолаушылардың бірі 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Қалғандары ауруханаға жатқызылды. Тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.