Абақтыда жазасын өтеп жатқан 53 адам өзіне тиесілі жәрдемақыны алмаған
Абақтыда жазасын өтеп жатқан 53 адам өзіне тиесілі жәрдемақыны алмаған
Фото: twitter.com/total_kz
222
оқылды
Прокуратура Ақмола облысында абақтыда 53 жазасын өтеушінің өздеріне тиесілі мемлекеттен берілетін жәрдемақыны алмағанын анықтады. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы хабарлады. Тексеру нәтижесінде, қадағалау актісі негізінде 53 сотталған адам ауруы бойынша әлеуметтік көмек алды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 26 тәртіптік жауапкершілік, 3 ҚАЖ қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды. Бұған дейін Шымкент қаласында күдікті қашып кеткені үшін тергеу изоляторының қызметкерлері жазаланған болатын.