Қырғызстан президентінің «Ала-Арча» резиденциясы аумағындағы «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу шарасы өтті. Бұл туралы bort_01 Telegram арнасы хабарлады.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшысына рапорт беріп, Қазақстан мен Қырғызстан Әнұраны шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
https://youtu.be/2YBHqnLOjCg