Елдегі қылмыскерлердің 80%-і жұмыссыздар
Елдегі қылмыскерлердің 80%-і жұмыссыздар
Фото: pnp.ru
316
оқылды
Finprom.kz сайтының мәліметінше, еліміздегі қылмыс жасағандардың 80%-і жұмыссыз азаматтар. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында мемлекет бойынша 20 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Алайда бұл былтырғыға қарағанда 1,9%-ке аз. Оның ішінде 3,8 мың адам қылмыс жасаса, 7,2 мың адам – орташа ауырлықтағы қылмыс, 5,4 мың адам – ауыр қылмыс, 3,1 мың адам – жеңіл қылмыс, 459 адам аса ауыр қылмыс жасаған. Өңірлік бөліністе қылмыскерлердің басым бөлігі Алматы облысында (2,4 мың адам) екендігі анықталған. Сондай-ақ антилидерлер үштігіне Алматы (2,3 мың адам) және Нұр-Сұлтан (1,7 мың адам) қалалары кіреді. Қылмыскерлердің ең азы Қызылорда облысында тіркелген: 436 адам, бір жыл бұрын 466 адам болған. Қылмыскерлер санының өсуі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы (10,9%-ке өскен), азаюы бойынша Жамбыл облысы (15,2%-ке кеміген) алда келеді. Қылмыскерлердің 79,2% немесе 15,8 мыңы – жұмыссыздар. Олардың саны бір жылда 3,3%-ке қысқарған. Ал қалған 1,4 мың тәртіп бұзушы – жұмысшы, 381-і – мемлекеттік қызметкер, 339 адам – білім алушы, 261 адам – жеке кәсіпкер екені белгілі болды.