AMANAT партиясы медицина қызметкерлеріне референдумның маңыздылығын түсіндірді
AMANAT партиясы медицина қызметкерлеріне референдумның маңыздылығын түсіндірді
258
оқылды
Бүгін елордада AMANAT партиясы республикалық штабының мүшелері 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Салауатты Астана» отбасылық денсаулық орталығының медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиын барысында AMANAT партиясының хатшысы Ринат Кертаев алдымен ақ халатты абзал жандардың еліне, халқына ерен еңбегін атап, мемлекеттегі ауқымды өзгерістерге атсалысудан шет қалмас үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы келгенін айтты. AMANAT
– Денсаулық сақтау саласы еліміздегі стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Халқымыздың амандығы, денсаулығының мықтылығы, адам капиталының негізін медицина саласында тұр. Дәрігерлердің қажырлы еңбегі мен жанкештілігін пандемияның өршіп тұрған кезінде бәріміз байқадық. Қоғамда ең көп талқыланып жатқан бастамалардың бірі – Конституцияға «жер мен оның қойнауы халық меншігінде» деген өзгерту енгізу. Бұл өзгерістің саяси маңызы зор. Ол елдегі барлық азаматтардың өміріне тікелей әсер етеді. Жер мен жер қойнауына қатысты конституциялық нормалар қазақстандықтардың мүдделерін ескере отырып, барынша нақты тұжырымдалған, – деді Ринат Думанұлы.
AMANAT Кездесу барысында жер мәселесі ғана емес, әкімдерді сайлау және парламенттің мәртебесі туралы да сөз қозғалды.
– Тағы бір маңызды мәселе - әкімдерді баламалы негізде тағайындау. Енді Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының қарауына баламалы негізде әкім лауазымына кемінде екі кандидатты ұсынады. Жергілікті депутаттардың көп дауысын жинаған кандидат келісімін алады. Осыдан кейін ғана Мемлекет басшысы оны әкім лауазымына тағайындайды. Яғни, іс жүзінде әкімді депутаттар сайлайтын болады. Демек, атқарушы билік вертикалі өзгеріске түсіп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық өмірге, қабылданатын шешімдер мен басқару институттарының сапасына тікелей әсер етеді, – деді ол.
 width= Жиынға сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Павловец Лариса Павловна  мен мәслихат депутаты, «АМАNАТ» партиясы жанындағы ұлт денсаулығы жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталі» ШЖҚ РМК директоры Динара Оразалина қатысып, медицина қызметкерлеріне референдумның мән-жайын түсіндіріп, дауыс беруге шақырды. AMANAT Дәрігерлер өз тарапынан 5 маусым күні өтетін референдумға қатысып, конституциялық реформаны қолдайтынын жеткізді.