СІМ Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады
СІМ Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады
© dalanews.kz
994
оқылды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлады orda.kz. СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Ақжарқынды Қазақстанға беру мәселесі пысықталып жатыр.
– Қазіргі уақытта екі елдің бас прокуратуралары желісі бойынша жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігі бойынша тиісті жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.  
Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста. Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталды. Ол Нигерия азаматтарының Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін тасымалдауға келіскен. Гуанчжоудан шыққан кезде оның сөмкесінен есірткі табылды. Ақжарқын есірткі туралы білмейтінін айтады. Нигериялық есірткі трафигін ұйымдастырушылар әлі ұсталған жоқ. Ақжарқын Тұрлыбай сот үкімін бір жылдан бері күтіп отыр. Маусымда қазақстандық дипломаттар Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың колонияда йога мен ағылшын тілін үйретіп жүргенін хабарлады. Бұған дейін қорғаушысы Ақжарқын Тұрлыбайдың хатын жариялағанын жазған болатынбыз.