Алматыда көлік дәмхананың жазғы алаңына кіріп кетті
Алматыда көлік дәмхананың жазғы алаңына кіріп кетті
173
оқылды
Алматыда рөлге ие бола алмай қалған көлік жүргізушісі дәмхананың жазғы алаңына кіріп кетті. Полиция мәліметінше, оқиға 24 мамыр күні сағат 19:47-де болған. «Тойота Камри» көлігін тізгіндеген   жүргізуші Төле би көшесімен келе жатып Әуезов көшесіне бұрылмақ болады. Сол сәтте Төле-би көшесімен шығысқа қарай келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. Ол көліктің жүргізушісі оқиға орнынан жаяу қашып кеткен.
«Жол-көлік апаты салдарынан «Тойота» автокөлігі қатты екпінмен Төле би көшесімен шығыс бағытта жүрген қалпы рөлді басқара алмай, қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимараттың жазғы алаңына кіріп кеткен. Оқиға салдарынан зардап шегіп бір әйел Алматыдағы ауруханалардан біріне жеткізілді», - деп хабарлады қалалық ПД өкілдері.