Атырауда үш жыл бұрын басталған жол құрылысы биыл бітеді
Атырауда үш жыл бұрын басталған жол құрылысы биыл бітеді
264
оқылды
«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының қызметкерлері биыл Атырау қаласындағы 231 көшенің жол сапасын тексереді. Филиал директоры Б.Мұқашевтің айтуынша, былтыр жергілікті жолдарға 171 тексеріс жүргізіліп, 65-ке жуық ақау анықтаған. Оның 40-қа жуығы қалпына келтірілді, қалған кемшіліктер бойынша қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ескертпе хаттар жолдаған.
 «Биыл көлік жүргізушілерін біраз әбігерге салып тұрған Атырау-Индер тас жолының Атырау-Талқайраң бөлігінде жұмыс басталады. Ол жерде жолды қайта жаңғырту 2019 жылы қолға алынып, аяқсыз қалған еді. 0-10 шақырым аралығындағы жол бойында пайда болған шұңқырлар мен жол жабындысының тозуы салдарынан автокөліктер қарсы бетке шығуға мәжбүр. Ал түнде жол бойы тас қараңғы. Енді жол құрылысы аяқталған соң жарықтандырылып, жол белгілері салынады», - дейді Б.Мұқашев.
Бұл учаскеге қажетті техника жеткізіліп, құрылыс материалдары әзірленіп, жер өңдеу жұмыстары жүріп жатыр.