Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық Надежда Дубовицкая АҚШ-тың Юджен қаласында өткен Prefontaine Classic (Eugene Diamond League) турнирінде қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық атлет биікке секіруде үшінші болды - 1,93 метр. Ал екі метрге секірген украиналық Ярослава Магучих турнир жеңімпазы, екінші орын америкалық Вашти Кунингемде. Бұл Дубовицкаяның "Гауһар лигада" алғаш рет өнер көрсетуі.