«Астрахан-Атырау» жолаушылар пойызының жолсеріктері Аққыстау мен Атыраудың арасында толғатқан әйелді аман-есен босандырып алды, – деп жазады inform.kz. Жолаушы Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкиннен Атырауға пойызбен келе жатқан. Пойыз Ганюшкин станциясынан жөнелтілгеннен кейін таңғы сағат 5-те жолаушы әйелдің толғағы басталған. Құрам бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасы шұғыл шешім қабылдап, жедел жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртты. Алайда жедел жәрдем келгенге дейін жолсеріктер Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова жолаушы әйелді пойызда таңғы сағат 05:30-да босандырып алды.