Алматыда жаңа екі метро бекеті іске қосылды
Алматыда жаңа екі метро бекеті іске қосылды
500
оқылды
Мегаполистің метрополитені тағы екі бекетпен толықты. Жаңадан қосылған «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» бекеті бүгін салтанатты түрде ашылып, жолаушыларға қызмет көрсетуді  бастады.    width= Бұдан былай алматылықтар мен қала қонақтары ескі «Саяхат» автовокзалы маңындағы «Райымбек» стансасынан Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысына дейін жер асты жолымен жылдам жете алатын болады. Бүгін қосылған екі станцияны қосқанда тоғыз бекетті жүріп өту уақыты – 29 минут.    width= «Алматыметрополитен» ЖШС-і Күрделі құрылыс басқармасының жетекшісі Айдар Самалықовтың айтуынша, екі бекеттің қосылуы жолаушылар тасымалы көлемін шамамен екі есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  «Бұрын жеті бекет бар кезде тәулігіне 45-46 мың жолаушыға қызмет көрсетіп келдік. Енді жаңа екі станцияның қосылуы арқасында бұл көрсеткіш 80 мыңға дейін көбейеді деп жоспарлап отырмыз», – деді А. Самалықов.    width= Оның айтуынша, қос нысанның құрылысына 62 млрд теңге қаражат жұмсалған. Аталған қаржы республикалық және қалалық бюджет есебінен бөлінген.

Алматы