Ахмет Байтұрсынов сабақ берген мектепті жөндеп жатыр
Ахмет Байтұрсынов сабақ берген мектепті жөндеп жатыр
1,310
оқылды

Қарқаралы ауданының Ақтерек ауылында Ахмет Байтұрсынов сабақ берген мектеп жөнделуде. Сондай-ақ әдебиетшінің оқу сыныбы жабдықталады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі сайты хабарлады. Бесінші қыркүйекте лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Бұл күні жаңартылған ғимараттың ашылуы да жоспарланып отыр. Мерейтой күніне орай конференциялар мен түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.   – Қазір ғимарат мемлекеттің қорғауында. Жөндеуге қаражат бөлінді. Біз нысанның алғашқы күйін сақтап, балаларға қолайлы жағдай жасауға барынша тырысамыз. Ғалымның сыныбында оның туған-туыстарына жазған хаттары сақталатын болады. Суретшілер Ахмет Байтұрсыновтың 3D-портретін салады. Кіре берісте заманауи тақтайшалар орнатылып, кітапханадағы кітап сөрелері жаңартылады, – дейді Дана Әлиева.