Қамауға алынған Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының денсаулығы туралы оның баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай айтып берді, - деп хабарлады informburo.kz.
"Оның жағдайы орташа. Оны ауруханадан шығарғанымен, міндетті түрде күндізгі стационарда емделуге жіберген. Бір ай күндізгі стационарда емделуі тиіс. Қазіргі жағдайы орташа деп айтуға болады", – деді Айдар Қырықбай.Оның айтуынша, қамауға алынған Арыстанбек Мұхамедиұлының емделу мәселесін оның қорғаушысы шешеді. Ұлттық музейдің 146 миллион теңгесін жымқырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты сұраққа Айдар Қырықбай жауап берген жоқ.
"Бұл тергеу құпиясы", – деп сөзін аяқтады ол.Бұған дейін соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлаған болатынбыз.