Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұр-Сұлтанның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды - дереккөз
Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұр-Сұлтанның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды - дереккөз
фото: stan.kz
360
оқылды
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі – Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қазіргі уақытта Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлады ҚазТАГ ақпарат агенттігі
«Мұхамедиұлы астананың Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол онда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің" желісімен түсті», – деп хабарлады ҚазТАГ редакциясына  дереккөз жұмада.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей басшылығы мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Қазіргі таңда іске қатысты тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Сонымен қатар ақпарат құралдары 16 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханаға түскені туралы жазды. Сол арада музей басшысы өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпарат та тарады. Бірақ Ұлттық музей баспасөз қызметі бұл хабарды жоққа шығарып, ол ауруханаға аяғын емдету үшін жатты деп мәлімдеді.