Абай Бегей кірпішін өзі қалаған зәулім үйіне кіріп жатыр
Абай Бегей кірпішін өзі қалаған зәулім үйіне кіріп жатыр
424
оқылды
Қазақстандық эстрада әншісі Абай Бегей қоныс тойын атап өтуде. Өнер иесінің бұл қуанышты күні өзінің туған күнімен тұспа-тұс келген. Өткен жылдың 6 маусымында құрылысы басталған баспана екі қабаттан тұрады. Зәулім үйдің құрылысының басы-қасында әншінің өзі жүрген. Тіпті кірпішін қалап, әрбір сәтті естелік ретінде видеоға түсіріп отырған. Іргетасы қаланған сәттен бастап шатыры жабылғанға дейінгі үйдің бейнежазбасын әнші Instagram парақшасында жариялады.
«Көз қорқақ, қол батыр» деген осы екен ғой… Осылай 06.06.2020 жылы құрылысты бастап едік. Бұйыртса, 31.05.2022, Аллаға сансыз шүкір, жаңа үйге көшіп жатырмыз. Әр қазақ үйлі болсын!» – деп жазды әнші.
Өнер иесі қоныс тойының видеоларын да парақшасына жүктеген. Әріптестері мен туыс-жақындары оны қос қуанышымен құттықтап, ізгі тілектерін жолдап жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Абай Бегей (@abai_begei)