Қызылордадағы спорт саласының лауазымды тұлғалары сотталды
Қызылордадағы спорт саласының лауазымды тұлғалары сотталды
199
оқылды
Спорт саласындағы лауазымды тұлғалар тексерушіге пара бергені үшін сотталды. Биылғы 27 мамырда Қызылорда облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Антикор Телеграм-арнасында хабарлады.
"Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды. Жоғарыда аталған барлық тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазды ведомство.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.