42 градус ыстық болады: маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды

42 градус ыстық болады: маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды
© uralskweek.kz

"Қазгидромет" РМК маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің мәліметінше, маусым айының басында Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жазғы ауа райы сақталады – күндіз +25+33°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде әлдеқайда ыстық: +38°С.

Еліміздің батысын қоспағанда, Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Температура фоны салыстырмалы түрде төмен – күндіз +15+23°С, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында +20+28°С.

"Елдің солтүстік-батыс бөлігінде түнде солтүстік антициклонмен ауа температурасының төмендеуі мүмкін.
Маусымның бірінші онкүндігінің ортасына қарай, Жерорта теңізі мен Орта Азияның шығыс жағалауынан келетін ауа массалары, республиканың аумағында өте ыстық ауа райын туындатады, солайша термометр бағандары +28+36°С белгісіне дейін, Қазақстанның шеткі оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жекелеген күндері +40°С дейін көтерілуі мүмкін", – делінген хабарламада.

Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында – республиканың батысында, содан кейін елдің қалған аумағында жылудың төмендеуі болжанады.

Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде екпінді жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауылмен қысқа мерзімді жаңбыр ыстық, тұрақты ауа райымен алмастырылады.

Ауа температурасының ауытқуы болжанады:

— Қазақстанның солтүстік жартысында түнде +15+22°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +28+36°С-тан +18+25°С-қа дейін;

— елдің оңтүстік жартысында түнде +18+26°С-тан +10+16°С-қа дейін, күндіз +33+42°С-тан +25+30°С-қа дейін.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.