4 өңірде ескерту жарияланды
4 өңірде ескерту жарияланды
© bugin.kz
116
оқылды
Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 1 маусымда Алматы облысының шығысында, солтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің күші – 17-22, екпіні – 27 м/с. Талдықорған қаласында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығын және оңтүстігін шаңды дауыл басады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында және оңтүстігінде күші – 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 1 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20, күндіз – 23 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында күші – 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м–/с, екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында 1 маусымда түнде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші – 5-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-жетеді.