Өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша 974 автокөлік сатылған. 16 мамырдан бастап екінші деңгейлі банктерге 21 897 өтініш түскен.
"Оның ішінде 65,1 миллиард теңге болатын 8 795 өтініш расталды. Бүгінгі таңда 974 автокөлік берілді", - делінген қордың хабарламасында.Қорда атап өтілгендей, автокөліктерді Қазақстанның қалалары мен облыстарының тұрғындары сатып алуда:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 111,
- Алматы қаласы – 201,
- Шымкент қаласы – 108,
- Ақмола облысы – 18,
- Ақтөбе облысы – 35,
- Алматы облысы – 7,
- Атырау облысы – 26,
- Шығыс Қазақстан облысы – 92,
- Жамбыл облысы – 54,
- Батыс Қазақстан облысы – 34,
- Қарағанды облысы – 81,
- Қостанай облысы – 65,
- Қызылорда облысы – 16,
- Маңғыстау облысы – 29,
- Павлодар облысы – 37,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 14,
- Түркістан облысы – 46.