Тоқаев ғылымға айрықша еңбек сіңірген ғалымдарды мемлекеттік наградамен марапаттады
Тоқаев ғылымға айрықша еңбек сіңірген ғалымдарды мемлекеттік наградамен марапаттады
Фото: mail.kz
461
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысы шықты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
  1. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:
 

I дәрежелі «Барыс» орденімен

Жұрынов Мұрат   – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті;
 

IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Әбділдин Жабайхан   – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі
Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы   – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі
Кішібеков Досмұхамед   – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;
 

«Парасат» орденімен

Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы    –  «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Орталығының директоры
Блиев Назарбай    – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі
Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы   – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры
Күрскеев Әбдірахман Козлоевич   – Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК бас ғылыми қызметкері
Пак Иван Тимофеевич   – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі
Сманов Бақтияр Өрісбайұлы   – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті» КеАҚ профессоры
Таймағамбетов Жәкен  Қожахметұлы   – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;

«Құрмет» орденімен

Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы   –  «А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ бас ғылыми хатшысы
Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы   – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Биология және  биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы   –  «Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ ректоры
Косов Владимир Николаевич   –  «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі
Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы   –  Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК директоры
Медеу Ахметқал   –  «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы
Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы   –  «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры
Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы   –  Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры
Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы   –  «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі
Төлешов Амандық Қуатұлы   – Білім және ғылым министрлігінің «Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты» РМК бас директоры;

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен

Дәулетов Асқар Ербұланұлы   – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ деканы.
  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті      Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 31 мамыр № 904